Bugin

Желіде жеделсаты ішінде асылып қалған баланың видеосы пайда болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: pexels.com

Әлеуметтік желіде жеделсаты ішінде оқыс жағдайға ұшыраған баланы құтқару сәтінің видеосы тарауда, деп хабарлайды  Bugin.kz порталы Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Видеодан үш баланың жеделсатыға кіріп бара жатқанын көруге болады. Ең соңғысы болып кішкентай бала кіреді. Оның мойнында арқан жіп болған, соның бір ұшы жабылған есік сыртында қалып кетеді. Жеделсаты төменге жылжығанда бала асулы күйде ауада салақтап қалады. Жасы ересектеу қыз бала шалт әрекет етіп, "Стоп" түймешесін басып үлгереді. Содан кейін баланы арқаннан босатып алады.