Bugin

Боранда жоғалып кеткен Батыс Қазақстан тұрғынының жағдайы белгілі болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: pexels.com

БҚО Полиция департаменті полицейлердің 22 қараша күні жоғалып кеткен ер адамның денесін тапқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

22 қараша күні кешкісін полицияға Теректі ауданы, Ақжайық ауылында 1961 жылы туған ер адам жоғалып кеткені туралы хабарлама түскен. Ол сағат 10:00-де жұмыстан шығып, үйіне оралмаған. Сол күні боран болды. Іздеуге тікұшақ жұмылды.

"24 қарашада Ақжайық ауылынан 10 шақырым жерде зорлық-зомбылық белгілері жоқ жоғалған ер адамның денесі табылды. Өлім себебін анықтау үшін мәйіт сараптамаға жіберілді", - делінген хабарламада.