Bugin

Шымкентте 11-қабаттан секіріп өлмек болған қыздың видеосы тарады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Polisia.kz

Шымкент тұрғынын суицидтен құтқару сәті полицейлердің бейнежетонына түсіп қалды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы inform.kz сайтына сілтеме жасап.

24 қарашаның кешінде жедел басқару орталығына белгісіз әйелдің көппәтерлі үйдің 11-қабатындағы ортақ балконнан секіруге оқталып тұрғаны туралы хабар түсті.

Тез арада патрульдік полиция полкінің автоэкипажы жолданды.

Оқиға орнына жеткен тәртіп сақшылары балконның қоршауына шығып тұрған қызды көреді.

Оның назары бір сәтке ауғанын пайдаланған инспектор Нұржан Айдаров қызды қауіпсіз жерге шығарып үлгерді.

Қызбен профилактикалық сұхбат жүргізілді.

Оның жеке мәселеге байланысты осындай қадамға барғаны белгілі болды.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61