Bugin

Елордалық таксист шетелдікті әуежайдан қонақ үйге 45 мың теңгеге апарған

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: pexels.com

Астанада шетелдік азаматты алдаған такси жүргізушісі ұсталды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Kazinform сайтына сілтеме жасап.

22 қарашада 102 арнасына "Дипломат" қонақ үйінің әкімшісінен хабар түсті.

Ол такси жүргізушісінің Үндістан азаматынан оны Астана әуежайынан қонақүйге жеткізгені үшін 45 000 теңге алғанын хабарлады.

Іздеу іс-шараларын өткізу барысында көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері елордалық таксопарктердің бірінің жүргізушісін ұстады.

Ол шетелдікті алдап, халықаралық әуежайдан қонақүйге дейінгі бағаны әдейі көтерген.

Такси жүргізушісі өз кінәсін мойындап, залалды толық көлемде өтеді.

Құқық бұзушыға қатысты ӘҚБтК-нің 190-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

Сондай-ақ таксопарктің атына осындай құқық бұзушылықтардың себептері мен жағдайларын жою туралы ұсыныс жіберілді.