Bugin

Танымал әнші Ақжол Мейірбеков дүние салды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: әлеуметтік желіден алынды

"Дос-Мұқасан" ансамблінің солисі, әнші Ақжол Мейірбеков дүниеден өтті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы "Дос-Мұқасан" инстаграм парақшасына сілтеме жасап.

 

Әнші 1950 жылы 7 шілдеде Түркістан облысының Арыс қаласында дүниеге келген.

Қадірлі ағайын! Біз үшін бүгінгі күн- қаралы күн. "Дос-Мұқасан" ансамблінің әншісі, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, "Құрмет" орденінің иегері, Алматы қаласының құрметті азаматы Ақжол Мейірбеков ұзаққа созылған науқастан өмірден озды. Өнер ұжымында талай жылдар көрерменге көлдей көңілімен ән салып, қадірлі болған азаматтан айрылу жанымызды жабырқатты. Қазақ еліне қайғырып көңіл айтамыз.

Ақжол Нұсқабекұлы Мейірбеков – Құрмет орденінің иегері, Ерен еңбегі үшін медалінің иегері.

Ол 1978 жылы "Дос-Мұқасан" ансамбліне қабылданып, 1985-1994 жылдары Алматы облыстық филармониясының "Арқас", "Сазген", "Адырна" ансамбльдерінде қызмет еткен. Әнші 1994-1996 жылдары "Гүлдер" ансамблінің көркемдік жетекшісі әрі директоры болып жұмыс істеді.