Bugin
Фото: pexels.com
Балалар омбудсмені Динара Зәкиева Instagram желісіндегі парақшасында Астанада 7 жасар қыздың үйінде соққыға жығылғаны туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.
"Мен үйде жүйелі түрде ұрып-соғу салдарынан ауруханаға түскен 7 жасар қызды көруге бардым. Бала ауруханада қалып, үйге оралғысы келмейді", — деп жазды Зәкиева.
Балалар омбудсмені мектепте баланы ұрып-соғудың ізі анықталғанын айтты.
"Мұғалімдер бірден балалар құқығын қорғау мекемесіне хабар берген. Ол үйде тағы 6 бала бар", - деп қосты Зәкиева.
Бұған дейін Балалар омбудсмені Екібастұзда 7 жасар Милананың өлімі туралы айтқан болатын. Ол қазақстандықтарды балаларға қатысты зорлық-зомбылықты байқаса, белсенді түрде тиісті орындарға жеткізуге шақырды. Сондай-ақ Зәкиева балалардың қауіпсіздігіне қатысты заңнамаға өзгерістер енгізу қажеттігін баса айтты.