Bugin

Өскемен тұрғыны темекі шегемін деп пәтерін өртеп алды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Өскемен қаласының тұрғыны темекі шегемін деп пәтерін өртеп алды, деп хабарлайды  Bugin.kz порталы Kazinform сайтына сілтеме жасап.

ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 26 қарашада түнгі сағат 3.00 шамасында Гоголь көшесіндегі көпқабатты тұрғын үйде өрт шыққаны жайлы хабар түскен.

"Белгілі болғандай, 2-қабаттағы пәтер өртенді. ТЖД қызметкерлері жедел түрде баспалдақпен 5 тұрғынды, оның ішінде 2 баланы эвакуациялады. Содан кейін үш иінді сатыны орнатып, терезе арқылы пәтер иесін құтқарды. Көп ұзамай өрт сөндірушілердің үйлесімді іс-қимылының арқасында жалпы ауданы 20 шаршы метрді құраған тілсіз жау толықтай ауыздықталды", - делінген ақпаратта.