Bugin

Ақмола облысында өрт болып, үш бала қаза тапты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: pexels.com

Өрттен үш бала қаза тапты деп хабарлайды,  Bugin.kz порталы stan.kz сайтына сілтеме жасап.

25 қарашада Ақмола облысының Целиноград ауданындағы Рахымжан Қошқарбаев атындағы ауылда тұрғын үй өртке оранды. Өрт кезінде үш бала қаза тапты. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер өрттен екі жасар бала мен алты жасар қыздың мәйітін алып шыққан. Кейін үйінді астынан тағы бір бала өлі күйінде табылды.

Алты айлық сәби ғана аман қалды. Бала оқиға орнына жеткен жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды.

Ақмола облысының өрт сөндірушілеріне өртті сөндіруге арнайы екі көлікпен келген 12 адамнан тұратын астаналық құтқарушылар көмектесті.

Құзырлы органдар әзірге басқа мәлімет берген жоқ.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61