Bugin

Туған қызын зорлады деп күдікке ілінген адам іздестірілуде

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: depositphotos.com/ru/

Павлодарда туған қызына зорлық көрсетті деп айыпталған күдіктіге іздеу жарияланды. Бұл туралы Bugin.kz Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Полицейлер кәмелетке толмаған қызына бірнеше рет жәбір көрсетті деп күдікке ілінген ер адамды іздестіріп жатыр. Оны ұстау үшін жедел іздестіру шаралары жүргізілуде. VlTA іздеу тобының мүшелері таңғаларлық оқиға туралы бір күн бұрын Instagram парақшасында хабарлады.

"Әкесі өз қызын бала кезінен бастап зорлап келгені туралы арыз түсті. Бүгін біз бұл туралы мемлекеттік органдарға хабарлап, күні бойы күдіктіні іздедік. Бірақ, ең сорақысы – факті расталды. Ер адам қашып кетті", -деп жазды еріктілер әлеуметтік желіде.

Павлодар облысының полиция департаменті фактіні растады. облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі :

"Іздестіру жұмыстарына жергілікті полиция қызметкерлері де, облыстық жедел уәкілдер де жұмылдырылған", - деп түсіндірді.

Ресми мәліметтерге сәйкес, нұсқаулық облыс пен республиканың барлық аумақтық полиция бөлімшелері мен шекара қызметтеріне жіберілді. Павлодар облыстық ІІД баспасөз қызметінің хабарламасында:

"Анасының арызы бойынша Қылмыстық кодекстің 121-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Жәбірленушінің айтуынша, әкесі тарапынан зорлық-зомбылық 2020 жылдың мамырынан 2022 жылдың ақпанына дейін жасалған. Бұрын полицияға хабарласпаған», - делінген.