Bugin
Фото: depositphotos.com/ru
Тобыл қаласындағы патрульдік полиция қызметкерлері 25 қарашада 2017 жылдан бері автокөлікті басқаруға құқығы жоқ 34 жастағы «Мерседес» жүргізушісін ұстады. Жүргізуші мас күйде болған. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі polisia_kostanay парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.
Тоқтаған кезінде жүргізуші алдыңғы жолаушылар орындығына ауысып, өзің жолаушы секілді көрсеткен. Қызығы, көлікте мас «жолаушыдан» өзге ешкім болмаған. Қостанай облыстық полиция департаменті:
"Құқық бұзушы ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы «Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік немесе уытқұмарлық масаң күйде басқаруы» бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Автокөлік арнайы автотұраққа қамалды. Бүгін жүргізушіні Қостанай аудандық соты 20 тәулікке әкімшілік қамауға алды",-деп хабарлады.
Оқиғаның видеосын мына сілтемеден көре аласыздар.