Bugin

Оралда әйел адамның басына кірпіш құлап кетті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Орал ПД

Оралда әйел адамға биіктен кірпіш құлап кетті. Ол оқиға орнында қайтыс болды. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі  mgorod.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Қайғылы оқиға 26 қарашада сағат 14:35-те Назарбаев даңғылы бойында болған. Бұл туралы Орал қалалық ІІБ баспасөз қызметі хабарлады.

Полицейлердің мәліметінше, Назарбаев даңғылы бойындағы №236 үйдің жанынан бір әйел өтіп бара жатып, басына кірпіш құлаған. Ол алған жарақаттарынан сол жерде көз жұмды.

Қайғылы оқиғаның себептерін тергеу тобы мен жергілікті атқарушы органдардың өкілдері анықтап жатыр.