Bugin
Фото: depositphotos.com
A23a деп аталатын ең үлкен Антарктикалық айсберг 37 жылда алғаш рет қозғала бастады. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі Reuters сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Айсбергтің негізі 1986 жылдан бастап Веделл теңізінің түбінде жатыр. Оның қазір неліктен қимылдап бастағанына нақты себептері белгісіз.
Британдық гляциолог Оливер Марш:
"Уақыт өте келе айсберг жұқарады және қосымша қалқымалылыққа ие болды, бұл оның түбінен үзіліп, мұхит ағынына түсуіне мүмкіндік берді", - деді.
A23a ауданы шамамен 4000 км2 құрайды, яғни Нью-Йорктен шамамен үш есе үлкен. Жақында түсірілген спутниктік суреттер оның қазір Антарктика түбегінің солтүстігінен жылдам өтіп бара жатқанын көрсетті.
Ғалымдар оның траекториясын мұқият бақылайтындарын айтты. Олар айсбергті миллиондаған пингвиндер, итбалықтар мен құстар мекен ететін Оңтүстік Джорджия аралының жағалауына апаратын ағысқа түсіп қалуы мүмкін деп қауіптенетінін білдірді.