Bugin
Фото ©Tengrinews.kz
Бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Qasqa jol youtube арнасына сұхбат берді. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі Skifnews.kz ақпараттық порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Сұхбат барысында Біртановтың министрлікке келу мақсаты мен міндетін атап өтті.
"Мен ДСМ-ға барған кезім 2008 жыл. 2010 жылдары ДСМ орынбасары болып істедім. Ол кезде министр Жақсылық Досқалиев болған. Одан кейін медициналық салада үлкен мекемелерді басқардым.
2015 жылы Денсаулық және әлеуметтік даму министі Тамара Дүйсенова шақырды. Сол кезде Әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша мемлекет басшысының тапсырмасы болған.
Менің министрлікке келгендегі негізгі мақсатым – әлеуметтік мед.сақтандыру жүйесін енгізу.
Медицинада екі ақша бар. Бірі – бюджеттен келетін ақша, екіншісі –сақтандыру қорына төлеп жатқан ақшамыз", -деді ол.