Bugin

Шымкентте 24 жастағы жас ана сәбиін сатпақ болған

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: pixabay

Шымкент полициясы жаңа туған нәрестені сату дерегін анықтады. Бұл туралы ІІМ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің басшысы Қанат Нұрмағамбетов мәлімдеді, деп хабарлайды  Bugin.kz порталы.

Оның айтуынша, Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің қызметкерлері 23 жастағы әйелдің баласына сатып алушылар іздеп жүргенін анықтап, делдал арқылы басқа облыстың 45 жастағы тұрғынын тауып, кейіннен мәміле жасауға келіскен.

"Факт ҚР ҚК-нің 135-бабы "Кәмелетке толмағандарды саудалау" бойынша тіркеліп, соталды тергеу басталды. Бала балалар үйіне орналастырылды", - деді Қанат Нұрмағамбетов Ішкі істер министрлігінде өткен брифингте.