Bugin
Фото: Polisia.kz
Қостанай облысында учаскелік қызметкер 81 жастағы зейнеткерді түтіндеген пәтерден алып шықты" деп хабарлайды Bugin.kz порталы Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Полицияға әйел хабарласып, бір тәуліктен астам уақыт өзі қарайтын зейнеткердің пәтеріне кіре алмай жүргенін айтты. Пәтердің есігі ішінен құлыптаулы болды.
Шақыруға аудандық учаскелік полицейі Тимур Доспулов дереу келді. Есікті қағып, ешкім ашпағаннан кейін ол есікті сындырды. Плитада қалған табадан пәтер іші көк түтін болған. Учаскелік полицей 81 жастағы әйелді жатын бөлмесінен тапты. Ол әрең демалып жатты. Полицей кейуананы көтеріп, пәтерден шығарып, жедел жәрдем шақырды. Осылайша, қайғылы жағдайдың алдын алды. Зейнеткер бір апта ауруханада жатты.
Тимур Доспулов үнемі егде жастағы әйелді қарап жүреді. Өз кезегінде кейуана полиция қызметкеріне оны құтқарғаны үшін алғыс айтты.