Bugin

Генерал-майор Алмасбек Әбдірахманов қайтыс болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: facebook.com

Генерал-майор Алмасбек Әбдірахманов 85 жасында өмірден өтті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

 "Генералдар кеңесі" республикалық қоғамдық бірлестігі растады.

"Біз көп жыл бойы араласып, дос болдық. Біздің қарым-қатынасымыз 2001 жылы "Генералдар кеңесі" республикалық қоғамдық бірлестігін құрарда Рүстем Есімханұлы Қайдаровты қолдаған кезден бастап жақындай түсті.

Алмасбек Сейітұлы төралқаның құрылтайшылары мен алғашқы мүшелерінің қатарында болды. 2020 жылдан бастап генералдар кеңесінің құрметті мүшесі", - деді отставкадағы генерал-майор, "Генералдар кеңесі" РҚБ президиумының мүшесі Тұрсын Айжұлов әлеуметтік желідегі парақшасында.