Bugin
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]Фото: pexels.com
Әлеуметтік желіде отқа оранған мопедтің видеосы жарияланды, деп хабарлайды Bugin.kz поталы Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Оқыс оқиға Алматыда Шығыс айналма тас жол бойында орын алғаны да айтылады.
Полиция аталған видеоға қатысты түсініктеме берді.
"Мопед жүргізушісі Шығыс айналма тас жолы бойымен солтүстік бағытта келе жатып, жолды бөліп тұрған цемент қабырғаға соғылған, сондай-ақ ол екі көлікпен соқтығысты. Апат салдарынан мопед отқа оранған", - деп атап өтті қалалық ПД.
Полиция мопед жүргізушісінің оқиға орнынан қашып кеткенін нақтылайды.