Bugin
Фото: pexels.com
Атырау қаласының маңындағы елді мекеннің 60 жастағы жастағы тұрғынның денесі Жайық өзенінен шығарылды, деп хабарлайды Bugin.kz поталы Kazinform сайтына сілтеме жасап.
Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қоғаммен байланыс тобы бұл ақпаратты растады.
Әлеуметтік желідегі ақпаратқа сүйенсек, Атырау қаласының маңындағы Ақжар елді мекенінде тұрған 1963 жылғы ер адам 24 қарашада сағат шамамен 17:30 шамасында үйінен балық аулауға шығып кеткен. Бірақ содан кейін одан еш хабар болмаған. Әйелі әлеуметтік желі арқылы күйеуінің із-түзсіз жоғалып кеткенін хабарлап, көмек сұраған.
"Бүгін, 27 қарашада жергілікті уақытпен сағат 10:25-те ер адамның мүрдесі Жайық өзенінің Ақжар ауылы тұсынан табылды", - деп мәлім етті департаменттің қоғаммен байланыс тобынан.
Алайда ер адамның Жайық өзеніне бату себебі әлі нақтыланған жоқ. Оқыс оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.