Bugin
Фото: pexels.com
Хабар-ошарсыз кеткен 10 адамның жерленген жері анықталды, деп хабарлайды Bugin.kz поталы хабар 24-ке сілтеме жасап.
Биыл павлодарлық "Майдан жолы" іздеушілер жасағының мүшелері Ленинград облысына экспедициямен барып, соғыс жылдары қаза тапқан 10 жауынгердің жатқан жерін тапты. Барлығы да хабар-ошарсыз кеткендердің тізімінде болған.
Кезінде қазақ жерінде құрылған 314-ші және 310-атқыштар дивизиялары Ленинград қаласын қорғауға қатысқан. Халықаралық экспедиция кезінде әскери дәрігерлер мен медбикелердің құрметіне граниттен ескерткіш орнатып қайтыпты.
Жалпы, павлодарлық жасақ 14 жыл ішінде аты-жөні белгісіз 300-ге жуық солдаттың жатқан жерін тауып, 24 ескерткіш орнатқан. Бұл бағыттағы жұмыстар әлі де жалғасады.
"Ең алғашқы қиыншылық, ол архив материалдарымен жұмыс істеу, орындарды табу. Сосын осы экспедицияны ұймыдастыру. Сондай қиын жұмыс. Сосын орнына барған соң іздестіру жұмыстары басталады. Бізде тек қана бір мақсат бар, ол – туысқандарға сүйек қалдықтарын әкеп беру. Осындай сезіммен барып отырамыз экспедицияға", дейді Болат Мұқышев.