Bugin

Газ баллонмен жүретін көліктерге жаңа талаптар енгізіледі

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: pexels.com

Газ баллонмен жүретін көліктерге жаңа талаптар енгізіледі, деп хабарлайды Bugin.kz поталы  inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

Газ жабдығы бар көлік иелерінен Қазақстанда арнайы белгі орнату талап етілді. Өзгерістер 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.

Қазақстанда азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін стандарттарды жетілдіру бойынша белсенді жұмыс жалғасуда.

"Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының бұйрығымен СТ 1412-2017 "Жол қозғалысын реттеудің техникалық құралдары" ұлттық стандартына толықтырулар енгізілді. Өзгерістер 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.
Бұл стандарт міндетті болып табылады, өйткені ол Ішкі істер министрінің бұйрығымен бекітілген Жол қозғалысы ережелерінде сілтеме ретінде көрсетілген", - деп хабарлады KazStandard баспасөз қызметі.

Өз кезегінде Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Қуаныш Елікбаев жаңа талаптың неліктен енгізіліп жатқанын түсіндірді.

"Газға көшіру барлық қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып жүргізілмейді. Өкінішке қарай, кейде мұндай көліктер біздің азаматтар үшін қауіпті болуы мүмкін. Сондықтан газға ауыстырылған көліктердің жабық тұрақтарға кіруіне тыйым салынады", - деді ол.

Өзгеріс газ жабдығы бар автокөліктерге міндетті түрде арнайы белгіні орнатуды енгізеді, ол "GAS" жазуы белгіленген, леп белгісі мен, қара жиегі бар сары түсті теңбүйірлі үшбұрыш белгіше.

Бұл белгі жабық тұрақтарға кірген кезде көлік оңай танылатындай етіп орнатылуы керек, деп түсіндірді KazStandard.

Жаңа ережелер сонымен қатар газбен жүретін көліктердің жабық тұрақтарда тұруын тиімді бақылауға және тыйым салуға мүмкіндік береді, бұл сайып келгенде, азаматтардың жалпы қауіпсіздігіне ықпал етеді.