Bugin

Әрбір қазақстандыққа өтемақы төленетіні рас па?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: pexels.com

Алаяқтар әлеуметтік желіде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың суретін пайдалана отырып, тағы бір фейк таратып жатыр, деп хабарлайды Bugin.kz поталы Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Stopfake.kz мәліметінше, Facebook-те ҚР Президентінің суретін жүктей отырып, алаяқтар жалған ақпарат таратуда. Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан алаяқтар әрбір қазақстандыққа әлеуметтік төлем төлеуді әде етеді. 

Фейк авторлары жыл соңына дейін әрбір қазақстандықтың картасына 150 мың теңгеден түсетінін нақтылайды. Мұнысы анық болуы үшін Қамыс-Жомарт Тоқаевтың суретін де жазбада пайдаланады. Алайда Қазақстанның мемлекеттік органдарының сайттарында, оның ішінде ҚР Президентінің akorda.kz сайтында мұндай төлемдер туралы ресми ақпарат жоқ. Бұл туралы бұқаралық ақпарат құралдарында да хабарланбады.

Ұсыныстар мен байланыс үшін

8 705 324 11 61