Bugin
Фото: depositphotos.com/ru
БҚО-да әйел кәмелетке толмаған 17 жастағы қызын алдап, жезөкшелікке салған. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі Halyq uni сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Ішкі істер министрлігінің өкілдері Оралдағы колледждердің бірінде 2-курс оқитын қыздың оқиғасын айтты. Деректерге сай, 17 жастағы бойжеткенді өз анасы алдап, жезөкшелікке салған.
35 жастағы келіншек қызын 3 ай бойы жалдамалы пәтерлерде ер адамдарға апарған. Ол жарнаманы желіге салып, сол арқылы клиент тапқан.
Тәртіп сақшылары жәбірленушіні туыстарына тапсырды. Ал анасы 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.