Саясат
Мадуро Қытайдың бұл қадамын дұрыс шешімге балады
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comВенесуэлаға Ресей әскерилерінен кейін, Қытай сарбаздары да келіп жетті. 31 наурыз күні келіп жеткен әскерилер жайлы енді ғана белгілі болып отыр.
Әскери топ құрамында 120 сарбаз бар. Әскери топ екі ел арасындағы келісімге сай келген. Сонымен қатар 65 тонна гуманитарлық жүк пен әскери жабдықтар да әкелінген. Қытай сарбаздары қазіргі таңда Маргарита аралында орналасқан. Осылайша Қытай Венесуэланы қорғайтынын шынайы іспен көрсетіп отыр. Өз кезегінде АҚШ Ресей мен Бейжіңге санкция салатынын айтып, екі елді ойлануға шақырды. Ал Венесуэла президенті Николас Мадуро Қытай әскерилері жайында "Венесуэла империалистік қоршауды бұзып, жеңіске бет алуда" деп мәлімдеді.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61