Bugin
Фото: depositphotos.com
Беларусь президенті Александр Лукашенко өзінің көмекшісі Игорь Брылоны қолайсыз әрекеті үшін қызметінен босатты. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі мемлекет басшысының ресми сайтындағы хабарламаға сілтеме жасап хабарлайды.
Беларусь президентінің хабарламасында:
"Мемлекеттік мемлекеттік қызметке сай емес құқық бұзушылық жасағанына байланысты Игорь Брыло Беларусь Президентінің көмекшісі – Витебск облысы бойынша инспекторы қызметінен босатылды. Мемлекет басшысы №374 тиісті Жарлыққа қол қойды. Александр Лукашенко", - делінген.