Bugin

Анам мені жиі ұрады, үйге бейтаныс еркектерді әкеледі: 13 жастағы бала оқиғасын бөлісті (ВИДЕО)

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: depositphotos.com/ru

Алматыда 13 жастағы балаға қатысты күтпеген жайт орын алды. Ол белгісіз әйелден көмек сұрап, басындағы қиындығын айтқан. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі хабарлайды.

Әуелі желіде ананың шарқ ұрып көмек сұраған видеосы жарияланды.

"Сәлеметсіз бе! Бүгін Ақкент ықшам ауданы, 45-үйде, сағат 19:00 шамасында бір қызметкер інімді жеке көлігіне отырғызып, белгісіз бағытқа кетті",-делінген бейнежазбада.

Арадан көп өтпей Алматы қалалық полиция департаменті бұл жайтқа түсініктеме берді.

"2023 жылдың 13 қарашасында сағат 22:11-де «102» пультіне әйел телефон соғып, 13 жастағы балаға көмек қажет екенін айтқан. Бала анасының үйіне барғысы келмейді екен.  Қоңырау шалушының айтуынша, бала да ата-анасының ажырасқанын айтып, әкесіне апаруды өтінген",-делінген хабарламада.

Қоңырауға бірінші болып Алатау ауданы ювеналды полиция бөлімінің кезекші инспекторы полиция майоры Қалмырзаев жауап берген.

Бала полиция қызметкеріне өз оқиғасын растады.

Сонымен қатар, бала өзінің Алматы облысы Балқаш ауданы, Бақанас ауылындағы жекеменшік мектеп-интернаттардың бірінде оқитынын, биылғы оқу жылында мектепке бармағанын айтқан.

"Менде еркіндік жоқ. Мен жұмыс істеп жатырмын. Анам мені жұмысқа жегеді. Мен таңғы алтыда тұрамын, түнгі 12-де ұйықтаймын. Мен қатты шаршадым. Анам мені жиі ұрады, үйге бейтаныс еркектерді әкеледі. Жұмыстан кеш келсем, ол мені қатты ұрады. Үйге барғым келмейді", - деді 13 жастағы бала жылап.

Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі полиция инспекторы баланы  үйіне апарып, анасына тапсырған. Баланың анасына ескерту шаралары жүргізілді.

Алматы қаласының полиция департаменті видеоны зерттеп, монтаждалғанын анықтады.

Оқиғаны мына сілтемеден көре аласыздар.