Bugin
Фото: © Sputnik / Абзал Калиев
Қазгидромет 28 қараша, сейсенбі күні Алматыда және Қазақстанның тағы үш қаласында ауаның ластануының жоғары деңгейі туралы айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
"28 қарашада Алматы, Өскемен, Семей және Риддер қалаларында Ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтілуде", делінген хабарламада.
Алматыда 28 қарашада, сондай-ақ 29 қарашада түнде метеорологиялық жағдайлар қала атмосферасында ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді. Жалпы қала бойынша ауаның ластану деңгейі артады. Сондай-ақ Риддер, Өскемен, Семей қаласында ауа ластануының жоғары деңгейі және күкірт диоксидінің мөлшерден шамалы асып кетуі байқалады.