Bugin

Бала зорлағандарға енді қатаң жаза енгізіледі

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: depositphotos.com

Елімізде Балалар қауіпсіздігі туралы заңға 55 өзгеріс енгізілді. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі qazaqstantv сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл деректі ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкілі Динара Болатқызы Зәкиева айтты.

Балаларға жасалған зорлық-зомбылыққа қатысты татуласу рәсімі алынып тасталды. Осыған дейін зорланған баланы пікірі ескерілмей, ата-анасы тарапынан кешірім берілетін. Енді қылмыс фактісі расталса, педофиолге кешірім жоқ.

Балаларға қарсы жасалған жыныстық зорлық-зомбылыққа өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы кесіледі. Педофил бұрынғыдай бірнеше жыл сотталып, кейін бостандыққа шықпайды.

Балаларға қарсы жасалған ауыр қылмыстарға бас бостандығын шектеу жазасы алынып тасталды. Тек үй қамақпен оңай құтылу болмайды. Қылмыскерлер міндетті түрде жазасын түрмеде өтейді.