Bugin

Ақтөбеде 21 жастағы курсант көз жұмды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: pexels.com

М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының курсанты облыстық фтизиопульмонологиялық орталықта көз жұмды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Kazinform сайтына сілтеме жасап.

Курсант облыстық фтизиопульмонологиялық орталыққа 21 қараша күні сағат 15:29-да жеткізілген. Бірден жансақтау бөліміне түсті. Оған екі жақты пневмония диагнозы қойылған. Қос өкпесінің 80%-ы зақымданған болып шықты. 

"Инфекциялық-токсикалық шок болды. Инфекциялық эндокардиттің ауыр түрі еді. Екіжақты экссудативті плеврит те белгілі болды. Ол қан құсқан. Оған қоса жеңіл дәрежеде қаназдық дертіне шалдыққан. Бірден ем жүргізіліп, күн сайын консилиум өтті. Оған штаттан тыс бас пульмонолог Л.М.Төлегенова қатысты. Өкінішке қарай науқас 27 қараша күні көз жұмды. Өкпе-жүрек жетіспеушілігінен деп айтылып отыр. Курсанттың денесі сот-медициналық сараптама орталығына берілді. Барлығы сол сараптамадан кейін нақты анықталады", - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Рүстем Исаев. 

М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты да болған қайғылы жағдайды растады. Дегенмен ақпарат таратпады.