Bugin

Астанада клиникаға жүгінген тұрғын күтпеген жағдайда қайтыс болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: pexels.com

Елорда тұрғыны дәстүрлі емес медициналық қызметпен айналысқаны үшін сотталды. Оның кінәсінен адам қайтыс болды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, дәстүрлі емес шығыс медицинасымен айналысқан адамның кінәсі дәлелденген.

"Сотталған адам тиісті куәліктері мен лицензиялары жоқ медициналық қызметпен айналысқан. Ұйқыға байланысты шағымымен клиникаға жүгінген жәбірленушіге Қазақстан Республикасында лицензияланбаған препарат инъекциясы салынған, содан кейін оның әл-ауқаты күрт нашарлаған", - делінген хабарламада.