Bugin

"Папа деме, Мәлік де": туған әкесі зорлаған қыздың ауыр тағдыры

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: depositphotos.com/ru

Журналист Наима Нұрәлінің "Білген дұрыс" бағдарламасына қонаққа келген Гүлзада Сәлім эксклюзив ақпарат айтты. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі хабарлайды.

Спикер түрмедегі түрлі тағдырлар туралы толғанып отырып әңгімелейді. Арасында өзі көрген ең ерекше тағдыр иесі туралы ол былайша баяндайды:

"15 жастағы жап-жас қыз түрмеге түсті. Шу қаласының тұрғыны. Шешесі жазда жеміс, қыста басқа да нәрселер сатқан. Өзінен кіші інісі болған. Шешесі 30 жастан асқанда инфарктан қайтыс болады. Әкелері көп арақ ішетін адам болған. Ең қиыны – анасы әкесінен таяқ жесе, басқаларға айтпауын, білдіртпеуін тапсырған. "Жұрт не дейді, ұят болады, айтпаңдар" деп, жолдасына сөз келтірмеген".

Бір күні қыздың бір сарынды өтіп жатқан өмір әп-сәтте сәтте өзгереді. Ол туралы спикер:

"Осындай таяқтаулардан соң, анасы шыдамай көз жұмады. Гүлмира әкесі мен інісіне қарап қалып қояды. Нағашы әжесі, тәтелері алып кеткісі келеді. Бірақ әкесінің туыстары бермей қояды. Әкесі Мәлік балаларынсыз ішіп кетеді дегенді желеу етеді", - деп айтты.

Бірақ бұл шешім қыздың өміріне көлеңке түсірерін ешкім білмесе керек. Бұрын ішіп, анасын ұратын әкесі енді басқаша әдет табады.

"Араға 2-3 ай салып әкесі мас болып келгенде, қызын зорлайды екен. 15 жастағы туған күні ғой, мас болған сайын қызын зорлаған. Бір күні інісінің оқуы үшін түрлі заттардан үй тапсырмасын орындайды. Қайшы, бояу секілді түрлі заттар қолданады. Қатты кеш боп кеткен соң, басқа заттарды ертең жинармыз деп інісін құшақтап ұйықтап қалады. Түнде әкесі мас болып келіп, қызын ұрып, зорламақ болады. Қызы: "Папа, тимеші", - деп жылайды. Сонда әкесі: "Папа деме, Мәлік де", - деп, зорлауға әрекет етеді. Қыз әбден шыдамай, әкесін қалай өлтіргенін түсінбейді. Айналадан қайшыны тауып, әкесіне сұққан екен. Есін жиғанда, айналаның бәрі қан болады. Кәмелет жасына толмағандықтан, 8 жыл бас бостандығынан айырылады. Толық жазасын өтемей, 4 жарым жылдан соң босатылды. Ең қызығы – ешкімге сот отырысында, тергеушіге әкесінің зорлағаны туралы тіс жармаған. Қазір ол қызда бәрі жақсы", - деді спикер таңданып.