Bugin

Қазақстанға қатаң ескерту жасалды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Beytoote.com

Еуропа Қазақстаннан Ресейге санкцияланған өнімдерді жеткізудің артқанын байқады. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі Еуроодақтың санкциялар жөніндегі арнайы өкілі Дэвид О'Салливанның сөзіне сілтеме жасап хабарлайды мәлімдеді.

Бұл ретте ол Ресейге қайта экспорфттау деңгейін төмендеткені үшін Қазақстан билігіне алғысын білдірді. Дэвид О’Салливан:

"Екінші жағынан, біз белгілі бір тауарлардың реэкспортының ұлғаюын байқап отырмыз. Сондықтан бізде әлі де көп жұмыс істеу керек. Мысалы, үйлестірілген жүйенің 45-кодына сәйкес келетін тауарлардың көлемі Қазақстанның сауда айналымында аз ғана үлесті алады. Яғни жылына небәрі 200 миллион еуроны құрайды", - деді.

О'Салливанның айтуынша, басты мәселе - жоғары технологиялық өнімдерді ЕО рұқсат бергісі келмейтін әскери мақсатта пайдалануға болады.

"Сондықтан біз бұл өнімдердің реэкспортын тоқтатуды талап етеміз. Бұл өнімдер негізінен жоғары технология: бұл жерде біз интегралды схемалар, жедел жады, оптикалық көру мүмкіндігі бар жабдық туралы айтып отырмыз", - деп түсіндірді О'Салливан.

Еске салайық, 2023 жылдың тамызында қазақстандық Defence Engineering компаниясы ресейлік және словакиялықтармен бірге АҚШ қазынашылығының санкциялық тізіміне енгізілген болатын. Компанияның негізін қалаушы және директоры Ашот Мкртычевке қару-жарақ сату бойынша мәмілелер жасауға көмектесті деген айып тағылды.