Bugin

Әкім террористер жарылыс жасамақ болған жерді атады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: depositphotos.com/ru

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Қожа Ахмет Яссауи кесенесі арнайы күзет қызметінің бақылауына өтетінін мәлімдеді. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Еске сала кетейік, бұған дейін ҰҚК төрағасының орынбасары Руслан Сейсембаев Террористер Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесін жармақ болғанын хабарлаған еді. Оның айтуынша, бүгінде Қазақстанда террористік қауіп әлі де артып отыр. Жыл сайын кем дегенде екі террористік шабуыл жасалып тұрады.

Бүгін Дархан Сатыбалды кесененің қауіпсіздігі қазір Үкімет деңгейінде талқыланып жатқанын айтты. Оның сөзінше, "кепілдікті ешқашан ешкім бере алмайды". Аймақ басшысы:

 "Кім не ойлап жүргенін ешкім білмейді. Ондай оқиға ақпан айында орын алды. Мен оны өзім де БАҚ арқылы естідім. Менің білуімше, Тәжікстанның ба, басқа елдің азаматы сондай іс-қимыл жасаған деп естідім. Енді олар мынау басқа ағымдағы азаматтар шығар. Оның көзқарасын, неге ондай шешімге келгенін білмеймін. Кейбіреулер айтады: «Серік қосасың, тағы басқа нәрселер» дейді. Оған мен не ой, не үшін оған барғанын айта алмаймын", - деді.

Дархан Сатыбалды кесене қауіпсіздігі бойынша Үкіметке хат жазғанын да айтты.  Облыс әкімі:

 "Оны бізде режимдік нысан ба, стратегиялық нысан ба, соның тізіміне енгізіп отырмыз. Сол тізімге енгеннен кейін арнайы күзет қызметі арқылы қауіпсіздік шаралары іске асырылады", - деді.