Bugin

Алматыда АХАЖ қызметкері жаңа туған нәрестелерді сатқан

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: pexels.com

Апелляциялық сот жаңа туған сәбилер саудасымен айналысқан 7 тұлғаға қатысты үкімді өзгеріссіз қалдырды, деп хабарлайды  Bugin.kz порталы Kazinform сайтына сілтеме жасап.

Алматыда АХАЖ мекемесінің бұрынғы қызметкері А. қылмыстық топ құрып, оның құрамына С. және Е. (жұмыссыздар) және белгісіз Э. есімді әйел кірген.

"Қылмыстық топтың мақсаты - жаңа туған сәбилерге қатысты сатып алу-сату және басқа да мәмілелер жасау арқылы табыс табу болды. А.-ның міндеттеріне қылмыстық топқа жалпы басшылық жасау, сондай-ақ туу туралы куәліктер жасау кірді. С., Е. және белгісіз әйел Э-нің міндеттері жаңа туған сәбилерінен бас тартуға дайын адамдарды және жаңа туған балаларды асырап алуға ниет білдірген адамдарды іздеу және келіссөздер жүргізу, ақша алу және кейіннен оларды А-ға беру болған",- деп хабарлады соттан.