Bugin
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]фото: pexels.com
Павлодар облысында жүкті әйелді көлік қағып кетті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Azattyq Ruhy сайтына сілтеме жасап.
"Павлодар-Шарбақты" автожолының 20 шақырым жерде жол-көлік оқиғасы тіркелді. Павлодар ауданы Кемеңгер ауылына жақын жерде "Фольксваген Гольф" көлігінің 54 жастағы жүргізушісі жол жиегінде келе жатқан жаяу жүргіншіні қағып кеткен.
"Жол-көлік оқиғасының салдарынан жаяу жүргінші алған жарақаттарынан сол жерде көз жұмды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сараптама тағайындалды", – деді департаментте.
Автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды.