Bugin
Фото: Орда.кз
Бүгін таңертең өрт болған жатақханада шетелдіктер тұрған. Қайтыс болған 13 адамның сегізі — Пәкістан азаматтары, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Orda.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Алмалы ауданының әкімі Айдар Жақыбаевтың айтуынша, жатақханада тұратындар негізінен студенттер мен жалдамалы жұмысшылар. Сондай-ақ Үндістан мен Пәкістан азаматтары тұрған.
"Қазір олардың жеке басын анықтауда. Біздің білуімізше, бұл жастар, студенттер немесе жұмысшылар. Біз эвакуацияланғандардың арасында Үндістан мен Пәкістан азаматтары, медицина университетінің студенттері болғанын көрдік"
Белгілі болғандай, қаза тапқан 13 адамның ішінен он адам анықталды: Қазақстанның сегіз азаматы, бір ресейлік (Республика Саха) және бір Өзбекстан азаматы. Тағы үшеуінің жеке басы анықталып жатыр.
Өрттің алдын — ала себебі - матрастың өртенуі. Адамдар ұйықтап жатып, көміртегі тотығынан қайтыс болған. Денелерінде күйік іздері жоқ.
Өрт туралы хабарлама Алматы ТЖД 05:33-те келіп түсті. Жатақхананың 72 тұрғынының 59-ы өрт сөндірушілер келгенге дейін өздігінен эвакуацияланды.
Алматыда ТЖ Министрі Сырым Шәріпханов бірінші рейспен ұшады, деп хабарлады Алматы ТЖД бастығы Нұрлан Атығаев.