Bugin

"Тағы бір қасірет": Мұхтар Тайжан күтпеген жазба жариялады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Әлеуметтік желі

Алматы қаласында хостелде шыққан өртке байланысты Мұхтар Тайжан күтпеген жазба жариялады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Тағы бір қасірет… Бүгін түнде Алматыда 13 адам (жас студенттер мен жұмысшылар) хостелде демалып жатып өртеніп кетті дейді.

"Хостелдің иесі Халық банк екен, бұрын кепілдікте тұрған мүлігін жалға беріп отырды. Бір сұрақ бар, терезелері жоқ бөлмеде, негізі подвалда, ережелер бойынша адамдарға қонуға бола ма?Не дейсің, студенттер мен жұмысшылардың жағдайы белгілі ғой, сол үшін терезесіз жатақханаға барады, амалсыздықтан", деген жазбада.


"Жандары жәннатта табылсын" деп аяқтаған сөзін.

Осыған дейін Алматыдағы ауқымды өрттен 13 адам қаза тапқанын хабарлаған болатынбыз.