Bugin

Заңға қандай өзгеріс енгізілді?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: primeminister.kz

Мектеп, балабақша жоқ аудандарда көпқабатты үй салуға тыйым салынады. Мәжіліс осындай норма енгізілген заңды қабылдады. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі Qazaqstan.tv телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов:

"Заң жобасында 30 жылдан көп пайдаланып келе жатқан мектеп, балабақша мен колледждердің ғимараттарын әр 5 жыл сайын апаттылық қаупі бойынша тексеру туралы норма ұсынылды. Тағы бір проблема – кішкентай балалардың терезелерден құлауы. Соңғы екі жылда жүздеген бала терезеден құлаған. Осыған орай заң жобасымен терезелерді арнайы қауіпсіздік механизмдерімен немесе құлыптарымен қамтамасыз ету міндеттеледі. Сондай-ақ заң жобасына жаңа талап енгізілді. Енді мектеп, балабақша мен аурухананы салмай жатып, көпқабатты тұрғын үй құрылысына рұқсат берілмейді", - деді.