Bugin

Алматыдағы өрт: Йеменнен келген студенттер оқиға туралы айтып берді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Алма Мұқанова/Кazinform

Алматыдағы хостелде тұрып жатқан студенттер өрт басталған кезде ғимараттан қалай шыққанын айтып берді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Kazinform сайтына сілтеме жасап.

"Өрт болып жатқанын естіп, құжаттарымызды, киімдерімізді алып шықтық. Өрт шыққанын естігенде қатты уайымдадым. Бірінші қабатта тұрамын. Қасымдағылар да аман. Бөлмеміз сыртқы есікке жақын орналасқан. Шыға алмағандар, терезеден шықты. Кейбірінің құжаты іште қалды. Мен өзім Йеменнен келдім. Бұл жерде тұрып жатқаныма көп уақыт болмады", – дейді студент.

Тағы бір шетелдік студент жатақханадан шығу үшін терезені сындырғанын айтты.

"Біздің бөлмеде түтіннің иісі қатты болды. Жанымыздағы адамдардың жағдайы ауыр еді. Өзіммен бірге керек дүниелерімізді алып үлгере алмадым. Бұл хостелге келгеніме бір күн ғана болды. Кеше кешке келдім. Осындай жағдайдың орын алғаны өкінішті", – дейді Ахмед Абдулахмед есімді студент.

Енді бірі шудан, дабылдан және түтін иісінен оянғанын жеткізді.

"Біз шудан, дабылдан және түтін иісінен ояндық. Бір – бірімізді оята бастадық. Көрші бөлмелерді аралап, бәрін сыртқа шығуға шақырдық. Мен мұнда қоныстанғаныма екі аптаға жуықтады. Бір бөлмеде жеті адам тұрамыз", – дейді хостел тұрғыны.