Bugin
фото: Болат Шайхинов
Бас прокурордың орынбасары Жандос Өміралиев бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевқа қатысты қандай бап бойынша іс қозғалғанын мәлім етті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Жандос Өміралиевтің дерегінше, Бишімбаев ісі аса қатыгездікпен кісі өлтіру (Қылмыстық кодекстің 99-бабы) бойынша тергеліп жатыр.
Оның туысы да қылмысты жасырғаны және қылмыс туралы полицияға хабарламағаны үшін ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалғаны белгілі.
Оның ағасы ма, інісі ме, айта алмаймын, туысы екені анық. Ол сол күні қасында болып, ауыр қылмыс жасалғаны туралы полицияға арызданбаған. Оның үстіне бұл қылмысты жасыруға көмектескен. Қылмыстық іс – зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Олардың нәтижелері бойынша тергеу органдары сізге қосымша ақпарат береді, - деді ол.