Bugin

Шымкентте жоғалып кеткен ер адам туралы тың хабар шықты

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: pexels.com

2021 жылы Шымкентте 34 жастағы ер адам жоғалып кетті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Туыстарының айтуынша, ол үйден шығып, қайтып оралмаған. Оның жүрген жерін анықтауға криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері жұмылдырылды.

"Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында тәртіп сақшылары із-түзсіз жоғалған адамның баруы мүмкін барлық жерді тексеріп, көрші облыстардағы әріптестеріне жүгінді. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде ер адам Алматыда құрылыс нысандарының бірінен табылды, ол жалдамалы жұмыс істеген", – деп хабарлады Шымкент қаласының полиция департаменті.

Ер адам Шымкентке жеткізілді. Қарт ата-ана мен әпкесі полиция қызметкерлеріне көмек көрсеткені үшін алғысын айтты.