Bugin

Алматыда өрт шыққан хостел иелері анықталды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Полицейлер Алматыда өртенген хостелдің иелерін іздестіріп жатыр, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

РСК брифингінде төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов полиция тіркелмеген хостел орналасқан үй-жайдың иелері мен жалға алушылардың жеке басын және орналасқан жерін анықтап жатқанын атап өтті. Алматы полициясы бұл іске қатысы болуы мүмкін күдіктілерден әзірге жауап алынбағанын айтты.

"Бұл адамдардың жеке басы анықталды. Қазіргі уақытта олардың тұрғылықты жерін анықтау шаралары жүргізіліп жатыр. Әзірге олардың ешқайсынан жауап алынған жоқ. Қазір барлық құжаттаманы жинап жатырмыз, мән-жайы анықталып жатыр", - деді Алматы ПД Тергеу басқармасы бастығының орынбасары Айбат Мурзамадиев.