Bugin

Ер адам аялдамадағы адамдарға оқ жаудырды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: pexels.com

Иерусалимге кірер тұста атыс салдарынан екі адам қаза тауып, жеті тұрғын жарақат алды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Kazinform сайтына сілтеме жасап.

Белгісіз біреулер автобус аялдамасында тұрған адамдарға оқ жаудырған.

Адамдарға өтіп бара жатқан автокөліктен оқ атылған. Израиль полициясы күдікті екі адамның сол жерде көзі жойылғанын хабарлады.

Қазіргі уақытта арнайы қызмет оқиға орнын қоршауға алды, қатысы бар тұлғаларды анықтау мақсатында іздеу жұмыстары жүріп жатыр.