Bugin

Жетісу облысында қыз зорлады деген полицейдің неге жұмыстан шығарылмағаны айтылды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: zhetysu.gov.kz

Талдықорғанда қыз зорлады деген күдікке ілінген полиция басқармасының бұрынғы бастығы Марат Күштібаевтың ісі бойынша тергеу жүріп жатыр, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұрынғы полицей бұған дейін жанжалдың ортасында қалған еді.

2019 жылдың қыркүйегінде YouTube желісінде сол кезде Алматы облысы ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы қызметін атқарған Күштібаев қоластындағы қызметкерлердің жұмысын балағат сөздермен сынап жатқан аудиожазба пайда болды. Осыдан кейін көп ұзамай полицей қызметінен босатылды. Алайда, сол жылдың қысында БАҚ беттерінде Күштібаев Алматы облысы Талғар аудандық полиция басқармасы бастығының орынбасары екені жазылды.

Tengrinews.kz тілшісі аудиожазбаға қатысты жанжалдан кейін полицей жаңа басшылық қызметке неге тез қолжеткізгенін анықтау үшін Ішкі істер министрлігіне ресми сауал жолдады.

Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі мәліметінше, Күштібаев жұмыстан емес қызметінен босатылған, сондықтан ол облыстық Полиция департаментінде тіркеліп тұрғаны айтылды.