Bugin

Тұрлыхановтың ұлына қатысты сот үкіміне өзгеріс енгізілді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Алматыда түнгі клубтың маңында ерлі-зайыптыларды ұрып-соққан әскери қызметші Нұрасыл Болатқа қатысты алдында қабылданған сот үкімі қайта қаралды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

ҚР Әскери сотының хабарлауынша, Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы бұзақылық ниетпен денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтiрген әскери қызметші Нұрасыл Болатқа қатысты үкімді апелляциялық тәртіпте қайта қарады. 

Бірінші сатыдағы соттың үкімімен әскери қызметші кінәлі деп танылып, сот оған 500 АЕК (1 725 000 теңге) мөлшерінде айыппұл төлеу түрінде жаза тағайындаған. Сонымен қатар, жәбірленушілер пайдасына жалпы 1 000 000 (бір миллион) теңге көлемінде моральдық зиян өндірілген.