Bugin

Күдікті өзі ұрлаған жылқыны иесімен қосылып іздеген

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: depositphotos.com

Жетісу облысында ер адам ауылдасының жылқысын ұрлап, оны іздеуге бірге шыққан. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі  Massaget.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл дерек Кербұлақ ауданында тіркелді, онда бір күн бұрын Қоғалы ауылының тұрғыны полицейлерге 700 мың теңгеге бағалаған жылқының ұрланғаны туралы өтінішпен жүгінді.

Тәртіп сақшылары жылқыны тауып, оның жоғалуына қатысы бар 41 жастағы жәбірленушінің ауылдасын ұстады. Ер адам бұған дейін құқық бұзушылық жасамаған.

Кербұлақ ауданының полиция бөлімі:

"Күдікті жоғалған жылқыны іздеуге белсенді қатысып, көмектескісі келетін кейіп танытқан. Дәл сол уақытта жылқы күдіктінің қорасында болған. Қазір мал ұрлығы фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ұсталған тұлға ҰУИ-на қамауға алынды", - деп хабарлады.