Bugin

Мен бұл жер сілкінісі деп ойладым: хостелдегі өрттен тірі қалғандар болған жайтты баяндады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: "Голос народа"

Ұйқысынан ояна салып хостелден өртті көрген адамдар тек тірі қалудың амалын іздейді. Зардап шеккендер өрт бәрі ұйықтап жатқанда басталғанын айтады. Жертөледе тек бір бөлмеде терезе болған. Ол да ашылмай, адамдар бірінші қабат арқылы қашуға мәжбүр болған. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Александр Акопов сұмдық түннен бері  әлі есін жимаған. Ол жатақханада 15 күн тұрғанын айтады. Алматы тұрғыны жұмысқа жақын маңнан баспана іздеген. Тапқаны – осы хостел. Ол өзін және өзгелерді құтқаруы тиіс осында жантүршігерлік жайт басымнан өтеді де еш ойламаған. Александр Акопов жағдаятты былайша есіне алды:

"Мен қатты қорықтым. Мен сонда қалып қоюым мүмкін еді. Мен тек өзіме емес, ол жердегілердің бәріне алаңдадым. Өйткені… Бір нәрсе деу өте қиын. Ондай дүрбелеңде не істейтінімді де ұқпадым. Уақыт тығыз болғандықтан ешқандай затымды ала алмадым. Заттар мен құжаттар туралы ойлауға мұршам болмады. Ең бастысы – өзімді және достарымды құтқару болды. Бәрі жақсы. Біз тіріміз", - деді.

Нұрсұлтан Дюргалов ағаларымен Алматыға ақша табу үшін келген. Хостелде екі аптаға жуық орын жалдаған. Ол тұратын бірінші қабаттағы бөлмеде  жеті адаморналасқан. Дәліз қою түтінге оранғанда, бөлмедегі бар адам сыртқа шыға алған:

"Сағат 5:30 шамасында өрт шықты. Сосын шудан, дабылдан, түтіннің иісінен ояндық. Хостелдегілер дереу бірін-бірі оятып, көрші бөлмелерге жүгіре бастады. Олар жүгіріп бірін-бірі құтқарды. Мен шудан ояндым. Мен бұл жер сілкінісі деп ойладым. Сосын қарасам, түтін, иіс. Олар бөлмедегілердің барлығын оята бастады. Жатақханадан 5:36-да шықтық" ,- дейді Нұрсұлтан Дюргалов.

Жатақхана екі қабаттан тұрады, оның бірі жертөле.Өрттен қаша алғандар жертөледе тұратындардың қашып құтылу мүмкіндігі болмады деп санайды. Олардың айтуынша, нөлінші қабаттағы бір бөлмеде ғана терезе болған. Зардап шеккендер ешқандай апаттық шығу жолдарын білмеген.

"Мен көшеге шыққанымды сезіндім. Адамдардың барын қолыммен сезіндім. Бізде бір ғана құтылудың амалы болды - бұл негізгі дәліз еді. Мен хостелде екі-үш аптаға жуық тұрдым. Ал мен қайда бару керектігін білемін. Бізде ол жақта негізгіден басқа апаттық жол да, кіреберіс те жоқ. Бір бөлмеден басқа еш жерде тереземіз жоқ еді", - дейді Рустам Бүркітбаев.

Барлық зардап шеккендерге қажетті көмек көрсетілді. Олар бірден ыстық тамақпен қамтамасыз етілді. Киім-кешек үлестірілді. Ал өрттен аман қалғандар өзге хостелдерге бір аптаға орналастырылды.