Bugin
Фото: Жаңагүл Жүрсін. azattyq.org
Нұрсұлтан Назарбаев “Менің өмірім” кітабында қанды қаңтар оқиғасына қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі Orda.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Экс-президент өзінің естелігінде қанды қаңтар оқиғасына барлық кінә мен жауапкершілікті төңкеріс дайындаған "радикал оппозицияға" жүктейді. Ол кітабында төңкеріс 2021 жылдан бастап дайындалғанын айтады. Әрі 5 қаңтарда Ұлттық қауіпсіздік комитеті басшылығының жазбаша бұйрығының күмәнді болғанын жеткізген. Бұйрыққа сай Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы қаласы, Алматы, Қызылорда облыстық департаменттері ғимараттарын жеке құрамның қараусыз қалдырғанына ол таңданысын білдірген.
Назарбаев естелігінде радикалды оппозицияның шынайы бет-бейнесі 2022 жылғы қаңтардағы қайғылы оқиғасы кезінде ақыры ашылғанын жазған. Ол Әбілязов жұртты наразылық білдіруге Киевте штаб құрғанын айтқан. Әбілязов қантөгіске қатысы барын мақтанышпен айтқанына қынжылыс білдірген. Әбілязов халықтың қиналысы арқылы жасаған қадамынан саясаттағы жеңісі деп бағалайтынын айтып жазғырған.
Ол "радикал оппозиция өкілдерінің әрекеті бандитизм мен терроризмге" тең деп баға берген. Қаңтар оқиғасында төңкеріс жасау Президентті орнынан алу үшін жасалған әрекет деп мәлімдеген.
Назарбаев кітабында Қасым-Жомарт Кемелұлының саяси шешімдерін қолдап, оң бағалаған.