Bugin
Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов
Елордалық полицейлер жүргізушілерден жолда сақ болуды сұрады, деп хабарлайды Bugin.kz тілшісі.
Астана Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, 1 желтоқсанда таңертеңнен бері қалада 50 жол-көлік оқиғасы болған.
"Ауа райының қолайсыздығына және жауын-шашынға байланысты жүргізушілерден аса сақ болуды, белгіленген жылдамдықты қатаң сақтауды, көлікті күрт тежемеуді және қашықтықты сақтауды сұраймыз", - делінген хабарламада.