Bugin

"Менің өмірім. Бодандықтан – бостандыққа": Назарбаевтың кітабы жарыққа шықты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: twitter.com/Aidos Ukibay

Нұрсұлтан Назарбаев өзінің өмірі туралы жазған жаңа кітабы оқырманға жол тартты, деп хабарлайды Bugin.kz тілшісі.

Бүгін Нұрсұлтан Назарбаевтың "Менің өмірім. Бодандықтан – бостандыққа" атты кітабы жарыққа шықты. Кітапты "Меломан" және "Алматыкітап" дүкендері желісінде сатып алуға болады,  делінген тұңғыш президенттің баспасөз қызметінің ақпаратында.

Деректерге сүйенсек, Нұрсұлтан Назарбаев "Менің өмірім" атты естеліктер кітабында тұңғыш президент өмірінің саяси және жеке қырлары туралы сөз қозғаған.  Алғашқы нұсқалары тек саясаткерлер, сарапшылар мен журналистертің қолына тиген көрінеді. 

Кітапқа алғашқылардың бірі болып қол жеткізген саясаттанушының айтуынша, кітапта 2011 жылғы Жаңаөзендегі оқиғаларға, 2019 жылғы билік транзиті, қанды Қантарға арналған жеке тараулар бар. Сонымен қатар, Назарбаев алғаш рет екінші отбасы бар екені, әйелі Әсел Исабаева мен екі ұлы туралы жазған.