Bugin
Фото: depositphotos.com/ru
Елімізде желтоқсан айында тұрақсыз ауа райы болады деп болжануда. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Қазақстанның солтүстік өңірлерінде қар жауады. Оңтүстік аймақтада қар жаууы күтілуде.
Республика бойынша тұман, көктайғақ. Желдің жылдамдығы секундына 15-28 метрге дейін жетеді. Айдың басында еліміздің солтүстік-батысында және солтүстігінде екпіні секундына 30 метр және одан да көп болатын жел еседі.
Желтоқсан айының басында арктикалық суық ауа массаларының ағынымен республика бойынша ауа температурасы айтарлықтай төмендейді. Республиканың батысында түнде -10-20, күндіз -3-13 градусқа дейін температура болады.
Солтүстікте, солтүстік-батыста, шығыста және орталықта түнде -20-30 дейін, күндіз -10-20 градусқа дейін салқын.
Еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында түнде -10-20 дейін, күндіз -2-10 градус.
Желтоқсанның екінші және үшінші онкүндігінде циклондардың әсерінен бірнеше қарқынды жылу толқындары күтіледі.
Республиканың солтүстік жартысында ауа температурасы түнде -5-10, күндіз 0,-5 градусқа дейін көтеріледі.
Қазақстанның оңтүстік жартысында түнде -3+3, күндіз +5+13 градусқа дейін көрсеткіш болады.
Алайда, кей күндері антициклондардың солтүстік-батыс енуі кезінде температуралық фонның төмендеуі болжанады:
Қазақстанның солтүстік жартысында түнде -20-30 градусқа дейін, күндіз -8-15 градусқа дейін суиды. Республиканың оңтүстік жартысында түнде -10-17°С, күндіз -3-10°С дейін төмендейді.
Жалпы, болжам бойынша, желтоқсан айында республика бойынша орташа айлық ауа температурасы нормадан 1-2 градусқа жоғары болады деп күтілуде.